Головкинді жекпе-жекке шақырған экс чемпион Әлімханұлымен айқасқысы келмейді
14 қазанда Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьеримен WBO және IBF титулдарын сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz.
14 қазанда Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьеримен WBO және IBF титулдарын сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Британиялық Крис Юбенк осы айқастың жеңімпазымен жекпе-жекке шықса, бірден екі титулға таласа алады. Алайда ол әлем чемпионы атағын қалағанымен мұндай кездесуден қашып отыр.
"Бұл жігіттердің жекпе-жектерін бұрын мүлде көрмеппін. Олардың кім екенін білмеймін. Ал мені жұрт біледі. Титулдық айқас үшін жекпе-жек трансляциясын әдеттегідей ақылы қылса, көпшілік олардың кім екенін сол күйі білмей кетеді.
Сондықтан ақылды болу керек. Жекпе-жек орны мен уақытын дұрыс таңдау қажет. Бәрі промоутерлерге байланысты. Бәрін ұйымдастыру - солардың жұмысы. Ал менің жұмысым жұдырықтасу. Мен әлем чемпионы атағы үшін айқасқым келеді, бұл 100 пайыз. Мен үлкен жекпе-жекке шығу үшін әлем чемпионы атағын қажет етпейтін деңгейдемін. Ал көптеген жігіттерге үлкен айқас үшін әлем чемпионы атағы керек.
Адамдардың жүрегін жаулау үшін маған белбеу керек емес. Менің жұдырықтасқаным көпшілікке ұнайды. Менің сөзім, адам және боксшы ретіндегі кейпім көпшілікке ұнайды. Маған аты шыққан чемпион керек, бұл әрине қиын. Бірақ қолымнан келетіннің бәрін жасаймын. Асықпай, жоспарды дұрыс құру қажет", - деп береді Юбенктің сөзін Sky Sports.
Жарнама