Бокс
30 тамыз 2020 17:00

Головкинді жекпе-жеке шақырған Олимпиада жүлдегері қарсыласын оңдырмай сабады

Сурет: FOX Sports
2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері бразилиялық Эскива Фалькао Сан-Паулуда өткен бокс кешінде бірінші раундта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта жұдырықтасатын боксшының қарсыласы Моррама де Араужо Сантос болды. Фалькао қарсыласын бірінші раундта-ақ төрт рет құлатты, осыдан кейін жекпе-жек тоқтатылды.

Айта кетейік, бразилиялық боксшы қазақстандық Геннадий Головкинді бірнеше рет жекпе-жекке шақырып, әлеуметтік желіде пост жариялаған болатын.