auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Головкинді ешкім нокаутпен жеңе алмас". Батыр Жүкембаев GGG туралы

"Головкинді ешкім нокаутпен жеңе алмас". Батыр Жүкембаев GGG туралы
© RingSide24
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында атақты отандасы - Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) болашағына қатысты ойын айтты.

"Головкинді ешкім нокаутпен жеңе алмас. Енді 40 жастан кейін жұдырықтасам демесе. Қазір 37 жаста және өзін жақсы сезінеді. Отбасына көбірек уақыт бөлу керегін айтты. Бұл спортқа бүкіл өмірін арнап, үлкен жетістікке жеткен есті адамның сөзі. Қазір ол нағыз бизнесмен. Болашақта оның промоушені біздің боксшыларға "алтын көпір" болады деген үміттемін.

Головкин шапанымызды брендке айналдырды. Жүлделер мен чемпиондық белбеулер жеңіп, туымызды көтерді, осы арқылы Қазақстанды әлемге паш етті. Оның арқасында миллиондаған адам елімізді танып, туымыздың түсін білді.  

Ол бокс тарихындағы орта салмақта жұдырықтасқан ең үзік боксшылардың бірі. Ол сияқты істі ешпір пиар-компания атқара алмайды. HBO арнасынан Қазақстан туралы бір минуттық роликтің өзі еліміздің бюджетін ойып алар еді. Кім болсын елінің патриотымын деп айта алады, бірақ, оны Головкин сияқты іспен дәлелдей алу керек. 

Геннадий DAZN қызметімен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Көп ойланып, дұрыс шешім жасады. Бұл тәжірибелі бизнесменнің қадамы. Альвареспен жекпе-жегін көргім келеді. Өйткені екі кездесуден кейін де жанкүрелер олардың жекпе-жегін тамашалағысы келеді. Екі кездесуде де Головкин жеңді деген ойдамын. Бірақ мұны енді анық дәлелдеп, нүкте қоятын кез келді. 

GGG үшін тағы Джермалла Чарло, Джейкобс және Андраде сияқты жақсы қарсыластар бар. Головкин әлі де бірнеше чемпиондық белбеуді алып, жоғары салмаққа көтеріледі деген ойдамын. Ол соңғы сөзін айтқан жоқ", - дейді Жүкембаев.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама