Головкинді айқасқа шақырған. Әлімханұлына міндетті қарсылас анықталды

25 қыркүйек 2023 09:56
©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (14-0, 9 KO) жекпе-жекке міндетті үміткер анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz

TalkSport.com порталының редакторы Майкл Бенсонның мәліметінше, британиялық кіші Крис Юбенк (33-3, 24 КО) отандасы Лиам Смитті (33-4-1, 20 КО) қарымта жекпе-жекте жеңгеннен кейін WBO рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Демек Юбенк енді Әлімханұлы мен германиялық Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO) сарапқа салатын IBF және WBO титулдарын иеленген чемпионға міндетті қарсылас атанады.

Сарапшы Әлімханұлына қатысты ащы шындықты айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар