Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ариэль Хельваниге берген сұқбатында аралас жекпе-жекке (ММА) қалай қарайтынын және мұнда өнер көрсететін қазақстандық спортшылардан не күтетінін айтты.
- Аралас жекпе-жек көресіз бе?
- Иә, өте жиі көремін.
- Онда жақсы көретін файтеріңіз бар ма?
- Бұл мәселе қаржыға келіп тіреледі. Оны айту үшін Дана Уайт (UFC) президенті маған ақша төлеу керек.
- Сіз Қазақстан намысын қорғайсыз. Қазіргі уақытта аралас жекпе-жекте де қазақстандық спортшылар көп. Шавкат Рахмонов, Рафаэль Физиев секілді. Сіз осы спортшылармен таныссыз ба?
- Бұл спортшылардың барлығымен жеке таныспын. Осы аралас жекпе-жектің арқасында, оны ұйымдастырушылардың арқасында аталған жігіттердің барлығы танымал болып, жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Сосын спортшы ретінде өз елінің атын шығарады. Аралас жекпе-жектің пайдасы көп. Спортшы үшін. Сондықтан да жігіттерде жақсы мүмкіндік болып тұр.