Бокс
11 шілде 2022 13:17

Головкин трилогиядан кейін бокстан кетуге қатысты мәлімдеме жасады

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әзірге карьерасын аяқтау туралы ойлап жүрмегенін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

17 қыркүйекте GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) екінші орта салмақта абсолют чемпионы атағы үшін айқасады. 

"Айту қиын. Мен жоғары деңгейдегі боксты көрсете алмай қалғанға дейін жалғастырамын. Денем толықтай тоқта демейінше жалғастыра беремін. 160 фунтта белбеулерім бар, сондықтан алдағы жекпе-жекте жеңем бе, жеңілемін бе, бұл менің бокстан кетуіме себеп болмайды. Мәселе өзіңмен әділ болу, өз ойыңды тыңдап, сезіміңмен санасу. Ол тоқта дегенде тоқтаймын", - деп береді 40 жастағы головкиннің сөзін Bleacher Report.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport