Головкин трилогияда "Канелоны" жеңетіні айтылды
Спортшылар жалаң жұдырық айқасатын Top Dog лигасының басшысы Данил Алеев қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңетініне сенімді.
Спортшылар жалаң жұдырық айқасатын Top Dog лигасының басшысы Данил Алеев қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңетініне сенімді.
"Әрине сенемін, неге сенбеске? Гена қара тер болғанша еңбектенетіндер қатарынан, оның басты таланты - еңбексүйгіштік. Бивол қазіргі таңда "Канелоны" жеңуге болатынын паш етті. Дене бітімі мен стилі басқа болса да. Дегенмен Гена осыған қарап бір шешім шығара алады деп ойлаймын. Сол арқылы жеңіске жете алады. Оның үстіне мұның алдында жеңуге аз қалған болатын", - дейді "Регбист" лақап атымен танымал спортшы "Чемпионат" порталына берген сұхбатында.
Жарнама