Головкин "суперчемпионмен" айқасқа дайындығын көрсетті

©instagram.com/gggboxing/

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеуінің иегері Геннадий Головкин осы салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы кездесуі алдында дайындығын көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Головкин мен Мурата арасындағы кездесу 2021 жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс еді. Алайда күншығыс елінде коронавирус пандемиясын алдын алу мақсатында жергілікті билік спорттық іс-шаралар мен басқа да ірі мерекелерді өткізуге тыйым салды. Қос мықты арасындағы жекпе-жек сәуірдің 9 күні Сайтама қаласында өтеді деп жоспарланған.

"Дүйсенбі?", - деп жазды Головкин. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар