Головкин "суперчемпионға" қарсы кездесу алдында дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады

©

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super чемпионы жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы кездесудің алдында жаттығудың бірінші кезеңін аяқтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Геннадий Головкиннің бірінші дайындық кезеңін аяқтағаны туралы мәліметті екінші бір қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) жазды. 

"Біз тауда GGG-мен жаттығудың бірінші кезеңін аяқтадық. Енді дайындықты ары қарай жалғастырамыз", - деп жазды Ахмедов Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу ресми түрде өтеді деген ақпарат бүгін, 12 қараша күні шықты. Аталған айқас 29 желтоқсанда Жапония жерінде өтеді. Кездесуді DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді. 

Жекпе-жек Токио қаласындағы Saitama Super Arena спорт кешенінде өтеді. Бұл бокс кешінде Ахмедов өнер көрсете ме, жоқ па, әлі белгісіз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар