Головкин SNAC базасында жіліншігін жарақаттаған соң жаттығу лагерін ауыстырды

© boxingscene.com
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жаттығу лагеріне өзгеріс енгізді. 

2010 жылдан бері таулы аймақтағы Big Bear мекенінде ғана жаттыққан Головкин, қаңтардан бастап Сан-Франциско бұғазы маңындағы жазықтықта орналасқан SNAC базасында дайындала бастаған еді. Осы жаттығу лагерінде Головкин жіліншігін жарақаттап алды.

"Шереметамен жекпе-жек қашан болса да, Головкин оған басқа лагерде жаттығады. Виктор Контенің SNAC базасындағы физикалық дайындық бағдарламасын бастағанына бір ай өтісімен тараптар ынтымақтастықты тоқтатты", - деп жазады ESPN журналисті Стив Ким.