Головкин шықпай қойған чемпионды Әлімханұлы айқасқа шақырды
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) осы дивизионда WBA ұйымының титулына жалғыз ие боп қалған кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) кубалық боксшыға қарсы WBA Super белбеуін қорғаудан бас тартты.
"Болашақ чемпиондарға (WBA, IBF тұжырымы бойынша) айтарым: келіңдер айқасайық. Лара, кел жекпе-жекке! WBO чемпионы WBA чемпионына қарсы. Менің мақсатым - орта салмақта барлық белбеуді біріктіру екенін бәрі біледі. Уақыт келді деп ойлаймын. Жәнібек - Лара айқасын ұйымдастырайық", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттерде.
I want to say to all future (wba, ibf) middleweight champions, let's fight.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) March 9, 2023
Lara, let’s fight! WBO champion vs WBA champion!@WorldBoxingOrg @WBABoxing
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) March 10, 2023
You all know that my goal is to collect all the 160 pound titles. I think that time has come. Let’s do #JanibekLara
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) March 10, 2023
Жарнама