Головкин - Шеремета жекпе -жегінің қашан өтетіні белгілі болды

17 желтоқсан 2019 16:05
© fightsaga.com
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета жекпе-жегі наурызда өтеді деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Ring Polska басылымы KnockOut Promotions компаниясына сілтеме жасап.

Бастапқыда кездесу 8 ақпанда Чикагода өтеді деп жоспарланған болатын.

Головкин мен Шеремета соңғы жекпе-жектерін 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткізген болатын. Поляк боксшысы андеркартта мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірсе, ал қазақстандық боксшы украиналық Сергей  Деревянченконы жеңген еді.