Головкин саясатпен айналысу туралы сұраққа анық жауап берді

Сурет: Акорда©
Британиялық белгілі Sky Sports порталы бокс жұлдызы Геннадий Головкин мен Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы диалогты жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы мен саясаткер Вашингтонда кездескен екен.

"Рингке шыққанда бүкіл ел сізге жанкүйер екеніне 100 пайыз сенімдімін", - деген еді үш жыл бұрын Назарбаев Головкинге.

GGG өзі саясатпен айналыса ма?

"Бұл мен үшін тым үлкен дүние сияқты, мен жай ғана боксшымын", - деп береді Головкиннің сөзін британиялық басылым.