Головкин салмағындағы чемпионның келесі жекпе-жегі белгіленді

Сурет: sportarena

Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) 19 маусымда титулын қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкада өтетін жекпе-жек Showtime арнасынан көрсетіледі. Қарсылас мексикалық Хуан Масиас Монтиэль (22-4-2, 22 KO). 

Еске салайық, Чарло қыркүйекте украиналық боксшы Сергей Деревянченконы (13-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, титулын сәтті қорғаған. 

Мұның алдында америкалық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) титулдар біріктіретін жекпе-жек ұйымдастырмақ екенін мәлімдеген. 

Жаңалықтар