Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) польшалық Мацей Сулецкимен (30-2, 11 КО) жекпе-жекке шыға алмайтын болды, деп хабарлайды Showtime.
Боксшы жаттығу кезінде арқасын жарақаттап алыпты. Жекпе-жек 18 маусым АҚШ-та өтуі тиіс болған, алайда, енді белгісіз уақытқа шегеріліп отыр.
"Бокс кеші шегеріледі. Чарлоның жарақаты қаншалықты ауыр екеніне баға беріліп, жаттығуға қайта кірісе алған кезде жаңа уақыты белгілі болады", - делінген Showtime баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, бұл дивизионда WBA Super, IBF және IBO белбеулері Геннадий Головкинде (42-1-1, 37 КО).