Бокс
17 шілде 2022 18:39
 

Головкин салмағындағы "болашақ жұлдыз" нокдаунға түсіп тұрып жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Головкин салмағындағы "болашақ жұлдыз" нокдаунға түсіп тұрып жеңіске жетті sheeraz_hamzah/photo

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Хамза Шираз (16-0, 12 КО) аргентиналық Франциско Торресті (17-4-1, 5 КО) WBC Silver вакантты титулы үшін айқаста нокатуқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Хамза Шираз (16-0, 12 КО) аргентиналық Франциско Торресті (17-4-1, 5 КО) WBC Silver вакантты титулы үшін айқаста нокатуқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Лондон төріндегі Copper Box Arena-да өткен бокс кешінің үшінші раундында қарсыластар бір-бірін нокдаунға түсірді. Алдымен Шираз джеб әдісімен Торресті құлатса, артынша аргентиналық былғары қолғап шебері де қарап қалмады.

Бесінші раундта Шираз қарсыласын тағы да жойқын соққымен құлатты. Бұл жолы Торрес орнынан тұрғанымен төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бокс кешінде Queensberry Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Фрэнк Уоррен Ширазды болашақ бокс жұлдызы деп атады. Еске салайық, дәл осы орта салмақта WBA Super, IBF және IBO белбеулері бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!