Головкин салмағында 21 нокауты бар экс-чемпион аралас жекпе-жекке ауысты

Хассан Н'Дам Н'Жикам. Сурет: Reuters©
Орта салмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы тегі камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикам (37-5, 21 КО) карьерасын аралас жекпе-жекте жалғастырмақ (ММА), - деп хабарлайды vRINGe.com.

36 жастағы боксшы франциялық Ares FC промоушенімен келісімшартқа отырды.

"Франциядағы ең мықты болғасын ұсыныстарын қабылдадым", - дейді осы елдің азаматтығын алған Н'Жикам.

Ал промоушен президенті Фернанд Лопес боксшы өзінің жетістігін ММА-де қайталай алады деп сенеді.

"Хассан бокспен Камерунде шұғылдана бастап, әлемдік деңгейдегі боксшы екенін дәлелдеді. Оның ендігі мақсаты жетістігін ММА-де қайталай алатынын бүкіл әлемге дәлелдеу", - дейді Лопес.

Айта кетейік, Н'Жикам кейінгі төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңілген: британиялық Каллум Смитт (27-0, 19 КО) және жапониялық Риота Мурататадан (16-2, 13 КО) нокаутпен, ресейлік Федор Чудиновтен (22-2, 15 КО) төрешілер шешімімен.

2019 жылы сәуірде Н'Жикам қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шығу керек болған. Алайда Головкиннің DAZN-дегі бірінші айқасы канадалық Стив Роллспен (20-1, 11 КО) өтті.

2012 жылы Н'Жикам орта салмақта WBO, ал 2017 жылы - WBA (Regular) чемпионы болған. 
Жаңалықтар