GGG 163 фунт болды , ал оның қарсыласы -163,8. Қазақстандық 363 граммға канадалықтан жеңіл болып шықты. 73,935 және 74,298 салмаққа қарсы шығады. Келісім-шарт бойынша боксшылар 164 фунт (74,389 келі) салмақта кездеседі.
Естеріңізге салсақ, Головкин - Роллс жекпе-жегі 164 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады. Кездесу қазақстандық уақытпен 9 маусымда таңда басталады. Жекпе-жекті QazSport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.