Головкин - Роллс жекпе-жегі Қазақстанда екі арнадан тікелей көрсетіледі

Сурет: Tom Hogan
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жұдырықтасатын Нью-Йорктегі бокс кешін трансляциялайтын боды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоу 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бокс кеші Астана уақытымен 9 маусымда басталады.

QazSport тікелей трансляцияны таңғы 06:00 -де бастайды, ал 09:00-де Qazaqstan арансы тікелей көрсетілімді бастайды.



Бұл жекпе-жек андеркартында қазақстандық боксшылар Али Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) жұдырықтасады.

Головкин үшін алдағы жекпе-жек DAZN стриминг қызметіндегі және Джонатан Бэнкстің жапттықтыруымен өтетін алғашқы кездесу.

Боксшылар Нью-Йоркке келіп, Times Square алаңында көз арбасу рәсімін өткізіп үлгерді. Сонымен қатар, Головкин Madison Square Garden аренасында өткен америкалық Энди Руис (33-1, 23 КО) пен британиялық Энтони Джошуаның (22-1, 21 КО) жекпе-жегін тамашалады.