Головкин промоутерінен кеткеніне қатысты Данияр Елеусінов өз пікірін білдірді

Сурет: skysports.com

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) британиялық промоутер Эдди Хирннің Matchroom Boxing компаниясынан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда Данияр еркін агент, алайда, көп ұзамай өзге промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырмақ.

"Келесі бірнеше айқасымда жартылай орта салмақтағы аты шыққан және жоғары деңгейдегі боксшылармен кездескенімді асыға күтемін. Осылайша, титулды жекпе-жекке жетемін. Әуесқойда жүргенімде арманым үздік болып, Олимпиада алтынын алу еді.

Кәсіпқойда өткенімде мақсатым қайтадан әлемде ең мықты атанып, чемпион белбеуін жеңіп алу. Маған осы мақсатыма жетуге көмектесетін жаңа промоутермен келісімшарт жасағанымызды тағатсыз күтіп жүрмін", - деп береді Еулесіновтің сөзін Boxingscene.com.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой карьерасын 2018 жылы бастап, барлық жекпе-жегін Matchroom Boxing жетекшілігімен өткізген болатын. 

Жаңалықтар