Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарлоға (30-0, 22 KO) WBO титулына ие Деметриус Андрадемен (28-0, 17 KO) титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізуді ұсынды.
Бұл туралы Андраденің ісін жүргізетін промоутердің өзі talkSPORT редакторы әрі инсайдері Майкл Бенсонға айтып берді. Хирннің сөзінше, ол Чарлоға 12 жылдық карьерасында тапқанынан екі-үш есе көп ұсынды. Алайда WBC чемпионынан әлі жауап жоқ.
Ал Sport Illustrated журналсті және DAZN-де жүргізуші Крис Мэнникс жағдайдың кейбір мән-жайын ашты. Оның ақпаратынша, жекпе-жек мамырға жоспарланған, ал Чарлоға жеті миллион DAZN стриминг қызметіне өту үшін ұсынылды. Қазір ол Showtime телеарнасында.
"Хирн анық айтты: бұл бір ғана жекпе-жек немесе Чарло қызықса бірнеше кездесу бойынша келісім болады", - дейді Мэнникс.