auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин "P4P рейтингінің нағыз патшасы" және "Канелоны" жеңді деп мойындалды

Ол төрешілердің әділ болмағанын айтады.

Головкин "P4P рейтингінің нағыз патшасы" және "Канелоны" жеңді деп мойындалды
© tofight.ru
TheFightCity.com сайтының журналисті Роберт Портис салмағына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең мықты боксшылар бойынша өзінің тізімін жасап, Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) бірінші орынға қойды.

Оның ойынша, Головкиннің басқа рейтингтердегі ахуалына мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жектерінің қорытындысы, нақтырақ айтсақ, төрешілердің әділетсіз шешімі әсер еткен.

"Шынайы чемпиондар туралы айтсақ, міне нағыз патша, орта салмақтағы әлемнің ең мықты боксшысы, ол әрбір тізімде бірінші болуыға лайқыты. Қарсы айтарыңыз бар ма? Өзімнің pound-for-pound тізімімді көзқарасымды дәлелдеу үшін қолданамын ба? Әрине. "Канеломен" жекпе-жектерде төрешілер әділ болса, барлық сарапшы сымақтарда бірінші орынға Головкиннен өзге таңдауы да болмас еді. 

Шындығына келейік: бірінші жекпе-жекте Головкин таза жеңді. Тартысты болды ма? Әлбетте. Шешім бұрмаланды ма? Жоқ, ол тіптен кері еді. Екінші жекпе-жекте теңдей болды ма? Иә. Бірақ бұл жекпе-жекте жеңісті Головкинге беруге үлкен себеп болды. Өзінен жас, жылдам, мықты қарсыласпен шешуші раундта ерлігін оятып, жеңісті алып шықты. Көрермендер төрешілер шешіміне қалай наразы болғанын айтпай-ақ қояйық. Алайда төрешілер оның даңқын өзіне бермеді, енді оны P4P рейтингінің бестігіне кіргізгісі келетіндер аз. Ал бұл Головкинге деген әділетсіздікті айқындата түседі. Рекордына, жетістіктеріне және орта салмақта қалай өнер көрсеткеніне қарап, Головкин P4P рейтингінің үздігі деп тануға лайықты және бұл жерде ешқандай сұрақ туындамау керек", - деп жазыпты автор. 

Портис тұжырымынша P4P рейтингі мынадай:
1. Геннадий Головкин
2. Василий Ломаченко
3. Александр Усик
4. Срисакет Сор Рунгвисаи
5. Теренс Кроуфорд
6. Наоя Иноуэ
7. Эррол Спенс
8. Тайсон Фьюри
9. Мэнни Пакьяо
10. Джош Уоррингтон
11. Сергей Ковалев
12. Хуан Франсиско Эстрада.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар