Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулеріне ие қазақтстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағандыдағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысады.
"Геннадий GGG Головкин" тобының мәліметі бойынша, спорткешені Майқұдықта - спортшының туып өскен ықшамауданында орналасқан. үш қабатты ғимаратта 25 метрлі бассейн, ауыр атлетика залы, көреремендер отыратын орны бар әмбебап ойын және бокс залы бар.
Спорт кешенін Головкиннің өзі ресми түрде 7 маусымда ашады. Салтанатты шараға Қарағандының спорт мектептері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады. Спорт кешенінде балалар үшін дайындықтар тегін болады.
Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен спорт кешеніне Геннадий Головкиннің аты беріледі.
Жарнама