Бокс
5 сәуір 2022 07:16

Головкин Муратаның дүлей күшіне қалай қарсы тұратынын айтты

©allboxing.ru

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) TheRingDigital Youtube арнасына берген сұхбатында WBA титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 KO) өтетін жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.

- Мурата бокста осы биігіне қалай жетті?

- Ауыр еңбек пен тәртіп деп ойлаймын. Оны жеке танимын. Жәйдан жәй Олимпиада чемпионы және кәсіпқойда "суперчемпион" бола алмайсың. Сондықтан онда біз білмейтін қасиеті де бар. 

- Муратаның дүлей күшімен аты шыққан, оған қалай қарсы тұрасыз?

- Жекпке-жекті жеке бір тұстарға бөлуге болмайды. Айқасқа кешенді қарап, ол өте ауыр болатынын түсінемін. Бұл жерде дайындалу қажет, сондықтан, мен еш ақталмай 100 пайызға барымды салып жатырмын. 

- Муратамен жекпе-жекке болжамыңыз.

- Мұнда әркімнің өз стратегиясы болады. Түрлі нұсқадағы стратегия және бірнеше жоспар. Айқас сөзсіз ауыр болады. Мен бұл кездесуге дайын болу үшін барымды салып жатырмын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport