Головкин Муратаны нокаутқа түсірді

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 KO) жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапонияның Сайтама қаласындағы өткен бокс кешінің басты айқасында Головкин жапониялық қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. 

 Бірінші раунд тең өткендей болды, ал екіншісінде Мурата шабуылға көшті. Үшінші раундта Головкин іске кірісе бастады, қарсыласы жауап қайтаруға тырысқанымен дөп тигізе алмады. 

Бесінші раундта қазақстандық боксшы айқасты нокаутпен аяқтауға сәл қалды, алайда, Риотаны гонг құтқарды. Ары қарай GGG жапониялық боксшыға қысымын тоқтатпай тоғызыншы раундта Муратаны құлатты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар