Головкин Муратамен жекпе-жектен кейін Андрадемен жұдырықтасады

Сурет: Los Angeles Daily News

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBO титулына ие америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жыл соңына дейін жекпе-жекке шықпайтыны анық. Бұл туралы The Athletic журналисі әрі инсайдер Лэнс Пагмайр DAZN платформасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап хабарлады.

"Мәлімет көзі маған Головкин Деметриус Андрадемен 31 желтоқсанға дейін шықпайтынын айтты. Бұл күні қазақстандық боксшы мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегі жоспарланған", - деп жазапты ол твиттер желісінде. 

GGG былтыр желтоқсанда польшалық Камил Шереметаны нокаутпен жеңгелі бері рингке шыққан жоқ.