Бокс
16 сәуір 2019 10:02
 
Головкин менен жеңілгенін біледі, көзінен байқадым - Джейкобс

  Пікірлер

blog.share

Головкин менен жеңілгенін біледі, көзінен байқадым - Джейкобс © HBO Boxing

4 мамырда WBC, WBA (Super) белбеулеріне ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жұдырықтасатын IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен жекпе-жегі жайлы пікірі білдірді.

Боксшылар 2017 жылы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездесу өткізген. Головкин ол кезде төрешілер шешімімен жеңген. Алайда Джейкобс GGG-ге қарсы 12 раунд шыдаған алғашқы қарсылас болды.

Дегенмен Джейкобс төрешілер шешімімен келіспейді және өзін жеңді деп санайды. "Канело" да осыған ұқсас пікірде.

"Канелоны" жеңгенім жанкүйерлерге менің Головкиннен жеңілген, жеңілмегенімді есепке алмай-ақ, орта салмақтағы ең мықты боксшы екенімді көрсетеді. Ең мықты екенімді үнемі айтып келем, GGG-мен жекпе-жекте менің жеңісімді алып қойды. "Канелоны" жеңгенде жанкүйерлер "Головкинді жеңген боксшыны тізе бүктірген жігіт расымен мықты" деп ойланатын болады. Сол кезде Головкинмен қарымта өткізіп, мықты екенімді дәлелдей аламын.

Головкин менен жеңілгенін біледі. Мұны оның көзінен байқадым, төрешілер шешімімен жеңгенде ол ешқашан қарымта туралы айтқан емес. Бұл бос сөз немесе бетін жылы жауып қоя салу. Сондықтан мен Головкинмен жұдырықтасып, бәрінен мықты және одан күшті екенімді дәлелдеймін", - деп келтіреді Джейкобстың сөзін Boxing247.com.

Жарнама

Живи спортом!