Головкин мен "суперчемпионның" үш титул үшін айқасының жаңа уақыты айтылды

28 желтоқсан 2021 09:32
© AFP

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек осы қыста өтуі ықтимал. Бұл туралы ESPN инсайдері Майк Коппинджер өз мақаласында жазды.

"Мәлімет көздерінің сөзінше, Муратамен айқас ақпанға ауысуы мүмкін, егер GGG жеңсе, оған сиқырын қайтару үшін келесі жылы тағы екі жекпе-жек қажет", - делінген мәтінде. 

Еске салайық, бұл боксшылар 29 желтоқсан күні Токио қаласында кездесуі керек еді. Бірақ коронавирустың "омикрон" штаммы көп тарап кеткеннен кейін, Жапоия карантин жариялады. Ал осыған дейін Муратаның кездесулерін ұйымдастыратын Teiken промоутерлік компаниясы жекпе-жектің көктемге шегерілгенін хабарлады. Бірақ өзге мәлімет көздері бұл айқас наурыз немесе сәуірде өтетінін жазған еді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport