Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің дәл уақыты белгілі болды

10 желтоқсан 2020 11:45
Сурет: DAZN

DAZN стриминг қызметі 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің уақытын жария етті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

Ивенттің басталуы жергілікті уақытпен 17:00-ге жоспарланған, ал кештің басты кездесуі 20:00-де. 

Осылайша, Қазақстан уақытымен андеркард жекпе-жектері сенбі, 19 желтоқсан таңғы 04:00-де басталады , ал Головкин - Шеремета айқасы 07:00-ге жоспарланған. Дегенмен, кардтағы жекпе-жектердің қалай аяқталарына байланысты кесте уақыты өзгеруі де мүмкін.