Головкин мен Муратаның андеркартында жұдырықтасатын тағы екі боксшы белгілі болды

©marca.com

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы айқастың андеркартында жұдырықтасатын тағы төрт боксшы белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

BoxRec ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек кешінде жергілікті боксшы Кадзуки Анагучи кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Рюдзи Ямамото (6-1, 6 КО) болады. Одан бөлек, жапониялық Хироки Амаки мен Тайга Като кездеседі. 

Бұл боксшылардан бөлек, Головкин мен Мурата айқасы алдында шаршы алаңға жеңіл салмақта WBO белбеуінің иегері Дзюнто Накатани (22-0, 17 КО) мен Риота Ямаути (8-1, 7 КО) қолғап түйістіреді. Бокс кешінде Сюитиро Ешино (14-0, 11 КО) мен (27-3-1, 15 КО) WBO Asia Pacific және OPBF белбеулерінің сарапқа салады. 

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу әу баста 29 желтоқсанда өту керек еді. Дегенмен ол кезде Жапонияда карантин талаптары күшейіп, шекара жабылып қалды. Енді бұл жекпе-жек 9 сәуір күні Сайтамада өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар