Головкин мен "Канело" трилогиясының кардына тағы бір жекпе-жек қосылды

©Reuters

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясының кардына тағы бір жекпе-жек қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Супер орта салмақта америкалық проспект Диего Пачеко (15-0, 12 КО) мен пуэрториколық Энрике Колассо (16-2-1, 11 КО) 17 қыркүйекте қолғап түйістіреді. Қос мықты WBC Silver белбеуін сарапқа салады.

Кешітң басты айқастырының бірі WBC белбеуінің иегері америкалық Джесси Родригес (11-0, 9 КО) пен мексикалық Исраэль Гонсалес (28-4-1, 11 КО) арасында өтеді.

Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне тоқталсақ, Альварес бірінші рет орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport