Головкин мен "Канело" трилогия алдында көз арбасты

14 қыркүйек 2022 05:25
©instagram.com/p/CidvXN_paq6/

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жылдың басты айқастарының бірі саналатын салтанатты іс-шара Лас-Вегаста өтті. Қос мықты көз арбасу сәтінде бір-біріне салқын қарады.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаса, екінші айқаста ұпай санымен мексикалық үздік деп танылған еді.

"Жекпе-жек апталығы бүгін ресми түрде басталды. Дайынбыз", - деген жазба қалдырды Головкин әлеуметтік желіде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport