Головкин мен "Канело" Мексиканың ұлттық мерекесінде жұдырықтасуы ықтимал

Сурет: championat.com

Кеше The Athletic инсайдері Майк Коппинджер орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке 2021 жылы мамырда өтуі мүмкін екенін айтқан болатын, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келісімге келді. "Канело" мен Головкин жекпе-жекке шығады

Екінші жекпе-жек үшін ұйымдастырушылар билеттен ғана 27 миллион табыс көрген, сондықтан, трилогияны көрерменсіз өткізгісі келмейді. Сол себепті келесі жылдың мамыры өте қолайлы уақыт болып тұр. 

5 мамырда тойланатын Мексиканың ұлттық мерекесі - Синко де Майо келесі жылы сәрсенбіге түседі екен. Сондықтан жекпе-жек 1 мамырда (Қазақстан уақытымен 2 мамыр таңғысын) өтуі ықтимал.

Сонымен қатар, бұл айқасты 8 мамырға белгілеуі мүмкін, бірақ, оның ықтималдығы төмен. Айта кетейік, кейінгі жылдары Альварес жекпе-жектерін Мексика мейрамдарына сәйкес өткізіп жүр - Синко де Майо (5 мамыр) және Мексиканың тәуелсіздік күні (16 қыркүйек).

Головкин мен "Канелоның" алдыңғы екі жекпе-жегі де Мексиканың тәуелсіздік күні өткен.