Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу қашан өтетіні айтылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші кездесу биыл желтоқсан айында өтуі мүмкін. Бұл туралы отандасымыздың бұрынғы қарсыласы америкалық Кертис Стивенс айтты.

"Біз үшінші айқасты көргіміз келеді. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелді, дұрыс па? Екінші жекпе-жекте "Канелоның" мерейі үстем болды. Енді үшінші кездесу өту керек. Қыркүйекте Альварес Биволмен жолығады. Сосын желтоқсан айында ол Головкинмен жұдырықтасуы тиіс", - деді Стивенс FightHype.com порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, негізі Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған еді. Бірақ мексикалық 8 мамыр күні Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) ұтылып, қыркүйекте ресейлік боксшыдан реванш өткізуді сұрады.
Жарнама