Головкин мен Альварестің "ізбасары" келіссөз жүргізгені белгілі болды

©championat

Мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу жайлы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес хабарлады.

"Жекпе-жек жайлы алғашқы келіссөздің болғаны рас. Біз қос тараптың ортақ мәмілеге келетініне сенімдіміз. Мұның барлығы Геннадий Головкинге байланысты. Оған бұл айқас керек пе әлде керегі жоқ па?", - деп EverythingBoxing твиттер-аккаунты Гоместің сөзін келтірді.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан немесе наурыз айында Головкин күншығыс елінің өкілі, WBA суперчемпионы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үш титулға таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: