Головкин мен Альварестің рематчына арналған тағы бір трейлер шықты, деп хабарлады Vesti.kz.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Бұған дейін Желіде екінші жекпе-жекке арналған трейлер жарияланған болатын.
Айта кетейік, реваншта жеңген боксшы Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) естелік белдігін алады.
Загрузка матч-центра...
Жарнама