Бокс
31 қазан 2018 23:12
 

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің уақыты айтылды

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің уақыты айтылды © SB Nation

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін, - деп хабарлайды RingTV.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін, - деп хабарлайды RingTV.

Боксшылар осыған дейін екі рет кездесіп үлгерді. Екеуі де қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Бірінші кездесуде даулы шешіммен тең аяқталған еді. Екіншісінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті мексикалыққа берді. Қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте бірінші рет жеңіліп, барлық белбеулерінен айырылды. 

Головкиннің карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейінгі уақытша шеттеу мерзімі аяқталды

Таяуда Альварестің DAZN компаниясымен рекордтық келісімшартқа отырғаны туралы хабарланды. Таяуда Головкин де осы компаниямен келісімшартқа отыруы мүмкін. 2019 жылы мамырда Дэниела Джейкобса (35-2, 29 КО) пен Альварес арасында жекпе-жек өтеді деп болжанады, мексикалық боксшы жеңіске жеткен жағдайда қыркүйекте "Канело" мен GGG арасындағы трилогия ұйымдастырылуы мүмкін. 

Басында үшінші жекпе-жек мамырда өткізіледі деп болжанған. Головкин араға ешкімді қоспай дереу реванш өткізуді сұраған еді. Алайда WBC ұйымы бұл ұсынысты қабыл алмады. Альварес келесі жекпе-жегін 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ұлыбританиялық Рокки Филдингке (27-1, 15 КО) қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда, мексикалық боксшы үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпион атанады. 

Жарнама

Живи спортом!