Головкин мен Әлімханұлы әлемдегі ең мықты боксшылар рейтингіне кірді

©

World Boxing News басылымы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемдегі ең мықты 50 боксшының тізімін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

2023 жылдың сәуіріне жасалған бұл тізімге орта салмақтағы екі қазақстандық боксшы кірді - IBO чемпионы Геннадий Головкин және WBO титулына ие Жәнібек Әлімханұлы. GGG рейтингте 27, ал Жәнібек - 48-орында. 

P4P рейтингінің топ-10 тізімі:
1. Александр Усик (Украина)
2. Наоя Иноуэ (Жапония)
3. Сауль Канело Альварес (Мексика)
4. Эррол Спенс (АҚШ)
5. Дмитрий Бивол (Ресей)
6. Девин Хэйни (АҚШ)
7. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
8. Джермелл Чарло (АҚШ)
9. Хуан Эстрада (Мексика)
10. Шакур Стивенсон (АҚШ)
...
27. Геннадий Головкин (Қазақстан)
...
48. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар