Бокс
25 желтоқсан 2019 11:42

Головкин мен 22 нокауты бар жеңілмеген чемпион арасында жекпе-жек өткізу ұсынылды

Reuters©
Америткалық The Athletic басылымының журналисті әрі инсайдері Майк Коппинджер орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) кім лайықты қарсылас бола алатынын пайымдады.

Осылайша, оның таңдауы орта дивизионда WBC титулына ие америкалық Джермалла Чарлоға (30-0, 22 КО) түсті.

"Джермалл Чарло мен GGG жекпе-жегін тамашалағым келеді", - деп жазыпты Коппинджер в твиттер желісінде.

Алайда америкалық пен қазақстандықтың жекпе-жегіне тележелілердің бөлектігі бөгет болуы мүмкін. Өйткені Чарло Fox және Showtime арналарындағы Premier Boxing Champions шоу аясында өнер көрсетсе, Головкинде DAZN стриминг қызметімен келісімшарты бар.