auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Головкин мексикалық стильге бармайды". Ердос Жаңабергенов атышулы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

"Головкин мексикалық стильге бармайды". Ердос Жаңабергенов атышулы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады
©

Бокстан 2005 жылғы әлем чемпионы, Геннадий Головкиннің ұлттық құрамадағы командаласы Ердос Жаңабергенов алдағы жекпе-жекке қатысты көпшілік күтпеген пікір айтты. Ердостың айтуынша, Головкин бұл кездесуде мексикалық стильмен жұдырықтаспай, қазақша бокс мектебіне көбірек басымдық береді, деп хабарлайды Bassport.kz

"Бұл кездесуді бәріміз де асыға күтіп жүрміз. Бірден айтайын, Генаның жеңісіне 200 пайыз сенімдімін. Өйткені, бұл жекпе-жекке Головкин тыңғылықты дайындалды. Одан бөлек, өзінің дайындап отырған әдіс-тәсілдері бар. Жекпе-жек алдында мексикалық стиль деп жиі айтып жатыр ғой.

Меніңше, Головкин мексикалық стильге бармайды. Ол өзіміздің қазақ боксының стилімен жұдырықтасады. Яғни, аяқпен жиі ойнап, ара қашықтықты ұстап, соққыларын "Канелоға" дәл тигізеді деп ойлаймын. Ол менің командаласым, ұлттық құрамада көп нәрсені үйреткен бауырым десем де болады. Сондықтан жерлесіміздің жеңісіне кәміл сенемін", – деді бұрынғы боксшы.

Сондай-ақ, Ердос Жаңабергенов Головкиннің екінші жекпе-жекте не үшін ұтылғанын айтты.

"Қазақта мүшел жас деген бар. Бұл кезеңде сынақтар, сәтсіздіктер көп болады. Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі сол кезеңге тап келді. Ал қазір оның бәрі артта қалды. Гена бабында, күші бойында. Оның үстіне Альварес қазір бұрынғыдай емес. Оның да қарқыны бәсеңдеді.

Жалпы "Канело" Генадан басқа мықты боксшылармен кездескен жоқ. Жақында Биволдан жеңілді. Биволдың өзі ортадан сәл ғана жоғары боксшы санатында. Альварес мерзімінен бұрын жеңеді деген пікірлер де жаңсақ. Бұйырса алдағы жекпе-жекте Головкин өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдейді", – деді Ердос.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама