auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мансабын аяқтаған жағдайда орнына кім келуі мүмкін?

Головкин мансабын аяқтаған жағдайда орнына кім келуі мүмкін?
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізгеннен соң мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтқан болатын. 35 жастағы орта салмақтағы боксшы кәсіпқой бокста 11 жылдан аса уақыт өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс таппаған еді.

GGG бокстан кететін болса, қазақстандық кәсіпқой боксшылардың қайсысы оның орнын басуы мүмкін? Кәсіпқой бокста үміткерлер көп, дегенмен олар мұны іспен дәлелдеуі керек, -  деп жазады Vesti.kz.

ҮМІТКЕРЛЕР:

Батыр Жүкембаев  (9-0-0, 8 КО).

25 жастағы боксшы бірінші орта салмақта жұдырықтасады. Жақында ол үлкен жекпе-жектер өткізеді.

Әли Ахмедов (6-0-0, 5 КО).

21 жастағы жартылай ауыр салмақтағы боксшы жеткілікті танымал боксшылардыі бірі. Оның еңбекқорлығы биыл осы салмақтағы үздік он боксшының рейтингінде көш бастауға көмек береді.

Жәнібек Әлімханұлы (1-0-0, 1 КО).

Осы тізімдегі тағы бір жартылай салмақтағы боксшылардың бірі. 2013 жылы өткен әлем чемпионатында үлкен жетістіктерге жетті. 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының лидері болуы мүмкін, бірақ оған өзінің кәсіпқой бокстағы рейтингін жоғарылатуға ешкім кедергі келтірмейді. Головкин бокстан кеткен жағдайда Әлімханұлы чемпион деңгейіне көтерілуі мүмкін.

Фавориттер:

Жанат Жақиянов (27-1-0, 18 КО).

WBA (Super) тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы чемпион біріккен жекпе-жек өткізуге дайын. Оның жасы қазір 33-те, бірақ тәжірибелі Жақиянов өзінің салмақ деңгейінде мықты қарсыластармен кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы ұлыбританиялық Райан Барнеттен IBF белбеуін тартып алса, оған барлығы баға береді.

Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО).

32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Исламды да осы тізімге қосуды жөн көрдік. Ол осымен бесінші жыл кәсіпқой бокста кездесулер өткізіп жүр.

Елімізде кәсіпқой бокста 50-ден аса боксшы бар. Әрине, олардың әрқайсысы бокстан әлем чемпионы атанып, жұлдыз болғысы келеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Головкин "Канеломен" жұдырықтасқаннан кейін бокспен қош айтысуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады. "Жекпе-жектен кейін аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да бек мүмкін. Жағдайым жақсы. 30-темін, бірақ әлі де 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі", - деген еді Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама