Бокс
17 мамыр 13:35
 

Головкин командасындағы нокаутшы никарагуалық "Қиратушымен" айқасқа шығады

Головкин командасындағы нокаутшы никарагуалық "Қиратушымен" айқасқа шығады ©Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (20-1, 15 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (20-1, 15 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, Ахмедов 23 мамыр АҚШ-тың Детройт қаласындағы бокс кешіне қатысады. Қарсылас Коста-Рика атынан өнер көрсететін, Demoledor ("қиратушы") лақап атты никарагуалық Энкарнасион Диас (18-4, 11 КО). Супеорта салмақ лимитіндегі жекпе-жек он раундқа есептелген. 

Ахмедов кейінгі рет 27 сәуір Алматыдағы "IBA чемпиондары түнінде" жұдырықтасып, венесуэлалық Карлос Ривероны (26-4-1, 15 КО) нокаутпен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!