Головкин командасындағы қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

© instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) келесі кездесуінің уақытын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"30 шілде Лос-Анджелесте рингке қайта оралатынымды қуана хабарлаймын! Кездескенше, достар!", -деп жазды ол өз Instagram парақшасында.

Ахмедов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсанында мексикалық Пол Валенсуэлоға (26-11, 17 КО) қарсы өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport