Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) келесі кездесуінің уақытын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"30 шілде Лос-Анджелесте рингке қайта оралатынымды қуана хабарлаймын! Кездескенше, достар!", -деп жазды ол өз Instagram парақшасында.
Ахмедов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсанында мексикалық Пол Валенсуэлоға (26-11, 17 КО) қарсы өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді.