Головкин командасында. WBC рингке жылдан аса уақыт шықпаған боксшыны "жазалады"

©Тұрар Қазанғапов

Суперорта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде орнын жоғалтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қыркүйек айында Ахмедов WBC рейтингінде жетінші тұрған еді, ал жаңартылған тізімде ол алғашқы ондықта да жоқ. Бұл "жаза" боксшының ұзақ уақыт рингке шықпағандығынан болса керек - Али 2022 жылдың қыркүйегінен бері жекпе-жек өткізбеді. 

Ал бұған дейін Ахмедовты Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингтегі топ-15 тізімнен шығарып тастаған болатын. 

Кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны төрешілер шешімімен (үш қазы да 100-90 ) жеңіп, бос тұрған IBF NA және WBC Silver титулдарын иеленген еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport