Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізетін болды.
Ахмедов рингке 28 ақпанда қайта шығады. Бұл туралы осы бокс кешін ұйымдастырушылар хабарлап отыр. Алидің қарсыласы кім болатыны белгісіз, алайда, бұл кездесу басты жекпе-жектердің бірі болады.
Мұның алдында Ахмедовтің бапкері Сағатбек Мұсаханов Алидің Астанадағы бкос кешіндегі қарсыласы орта салмақта өнер көрсететін польшалық Мацей Сулецки болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Еске салайық, 18 қаңтар Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) Ахмедов америкалық Малкольм Джонсты екінші раундта нокаутпен жеңген еді. Екі жекпе-жектің арасы 41 күнді ғана құрап отырғанын айта кетейік.