"Головкин қолынан келмегенді жасаймыз". Қанат Исламның менеджері "Канеломен" Қазақстанда жекпе-жек өткізу жайлы

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Қанат Исламның (26-0, 21 КО) менеджері Нельсон Лопес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек ұйымдастыру мақсаты туралы айтып берді. 

"Қазір сегізінші орындамыз, бірақ, бірінші болғымыз келеді. Басты мақсат осы. Бәрін жеңуге даярмыз. Бүгін Уолтермен, ал ертең "Канеломен" жұдырықтасып, оны жеңеміз. Оны Қазақстанға алып келеміз. Головкиннің қолынан келмегенді жасаймыз. "Канелоның" артынан кез келген салмақа баруға дайынбыз. Супер ортада болса, сол дивизионға барамыз. Жетеміз де, басым боламыз. Қазақ еліне осы жекпе-жекті сыйлаймыз", - дейді Лопес.