Головкин кейінге қалды. "Канело" абсолют чемпион атағы үшін айқасып, карьерасында ең үлкен гонорар алады
Екінші орта салмақта WBC,WBA және WBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-1-2, 36 КО) және IBF титулына ие америкалық Калеб Плант (21-0, 12 КО) абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек бойынша келісімге жақын.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, бұл айқас 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді және PBC on Fox ақылы трансляциялар (PPV) арқылы көрсетіледі.
"Канело" PBC платформасымен бір кездесу бойынша келісімге келіп, карьерасындағы ең үлкен гонорар алады.
Айта кетейік, "Канело" DAZN қызметіндегі үш жекпе-жек үшін 35 миллион доллардан және Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қарымтадан 40 миллион долар табыс көрді. Сонымен қоса, Головкинмен екі кездесуінде миллионнан аса PPV сатылған.
Алайда Альварес пен Плант арасындағы келісімшарт ауыр өтіп жатқандықтан, "Канелоға" Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу ұсынылды. Дегенмен трилогия кейінге қалған сияқты.
Жарнама