Бокс
28 наурыз 2022 12:37

Головкин келесі қарсыласының басымдығын атады

©boxingnewsonline.net

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Boxingnews.jp порталына берген сұхбатында WBA Super белбеуіне ие Риота Муратаның (16-2, 13 КО) алдағы айқастағы басымдығын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Муратаны зерттедіңіз. Оның агрессив стилін тоқтата аламын деп ойлайсыз ба?

- Муратаға дайынмын. Мен бұл лагерде ұзақ еңбектеніп келемін, сондықтан, онымен қалай айқасу керегін білемін. 

 - Мурата туралы ойыңызды айтыңызшы, ерекшеліктерін.

- Мурата тек жеңіп үйренген, ал осы жолы отанында айқасады. Туған жерінің топырағы қолдау болады, меніңше, ол мықты боксшы. Ең мықты тұсы оның жойқын күші. 

- Соңғы спаррингтеріңізден кейін Мурата қаншалықты өзгерді деп ойлайсыз?

- Ол кезде карьерасын енді ғана бастаған еді. Қазір ол мүлде басқа боксшы, Әлем чемпионы.

Головкин жойқын соққысының сырын айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport