Қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкин лауазымды қызметке тағайындалуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.
YEDILOV ONLINE телеграм арнасының мәліметінше, Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруы мүмкін.
41 жастағы Головкин рингке кейінгі рет 2022 жылы Лас-Вегаста шығып, Сауль Канело Альварестен жеңілген болатын.
Осыдан кейін GGG орта салмақта WBA, IBF және IBO белбеулерін бос қалдырды.